تورک بالاسی TÜRK BALASI

TÜRK DÜNYASI UŞAQ ƏDƏBİYYATI

Jeti laq pen qasqyr ertegisi

+0 BƏYƏN





Jeti laq pen qasqyr ertegisi 
Erte, erte, ertede bir eshkiniń jeti laǵy bolypty. Bir kúni eshki ormanǵa barýǵa jınalyp, laqtaryn shaqyryp alyp, aqylyn aıtady: — Shyraqtarym, eshkimge esik ashpańdar. Ormanda qasqyr júr. Men kelgende -«Shyraqtarym — laqtarym, analaryń keldi, sút ákeldi», — dep ándetemin deıdi. Osy kezde tereze syrtynda turǵan qasqyr, eshkiniń laqtaryna aıtqan sózderiniń barlyǵyn estip alady. Eshki ketisimen qasqyr esikti qaǵyp, óziniń jýan ári jaǵymsyz daýysymen onyń ánin aıtady. Biraq laqtar qasqyrdyń daýysy ekenin bilip, esikti ashpaıdy. Qasqyr saýdagerge baryp bor satyp aldy. Bordyń bir kesegin jegende daýsy azdap jińishkerdi. Osy daýyspen án aıtyp edi, laqtar taǵy aldanbady. Qasqyr ustaǵa baryp, daýsyn jińishke etý úshin ózine tamaq jasatyp alady – daýsy eshkiniki sıaqty jińishke bolyp shyǵady, biraq jańa daýystyń da kómegi bolmaıdy – laqtar qasqyrdyń aıaǵyn kórip qoıyp, esikti ashpaıdy. Qasqyr jyldam naýbaıshyǵa baryp, aıaǵyna sebetin un satyp alady. Qasqyr esik aldyna qaıtip kelip, aq aıaǵyn laqtarǵa kórsetip turyp ánge basady:- Shyraqtarym –laqtarym, analaryń keldi, sút ákeldi. Qoryqpańdar, esikti ashyńdar! – deıdi Laqtar qasqyrǵa senip esikti ashady! Qasqyr úıge kirip kelgende laqtar jan-jaqqa qashyp, tyǵylyp qalady. Qasqyr olardyń bárin de taýyp, jep qoıady. Tek bireýin ǵana taba almaı qalady ol saǵattyń artyna tyǵylǵan edi. Qarny toıǵan qasqyr aǵash kóleńkesine jata ketip uıqyǵa kirisedi. Uzamaı eshki úıine oralady. Esikti ıterse, esik ashyq tur eken. Eshki úıge kirip, laqtaryn shaqyrady. Aman qalǵan laq qarsy aldynan shyǵyp, bolǵan jaıdy aıtyp beredi. Eshki men laǵy úıdiń artyna shyǵyp qarasa, qasqyr kógalda shalqasynan túsip qoryldap jatyr eken. Eshki múıizimen qasqyrdyń qarnyn jaryp jiberip alty laǵyn qutqaryp alady. Báride aman-esen eken. Eshki men laqtary qatty qýanady. Qasqyr oıanbaı turǵanda eshki onyń qarynyn taspen toltyryp, qaıtadan tigip qoıady. Shóldegen qasqyr sý ishpek bolyp qudyqqa barady .Sol kezde onyń ishindegi aýyr tastar ony tómenge tartyp, qasqyr qudyqqa qulap, batyp ketti. Osymen ertegimiz aıaqtaldy nazar salyp tyńdaǵandaryńyzǵa kóp raqmet! 

Жеті лақ пен қасқыр ертегісі

 Ерте, ерте, ертеде бір ешкінің жеті лағы болыпты. Бір күні ешкі орманға баруға жиналып, лақтарын шақырып алып, ақылын айтады: — Шырақтарым, ешкімге есік ашпаңдар. Орманда қасқыр жүр. Мен келгенде -«Шырақтарым — лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді», — деп әндетемін дейді. Осы кезде терезе сыртында тұрған қасқыр,  ешкінің лақтарына айтқан сөздерінің барлығын естіп алады. Ешкі кетісімен қасқыр есікті қағып, өзінің жуан әрі жағымсыз дауысымен оның әнін айтады. Бірақ лақтар қасқырдың дауысы екенін біліп, есікті ашпайды. Қасқыр саудагерге барып бор сатып алды. Бордың бір кесегін жегенде даусы аздап жіңішкерді. Осы дауыспен ән айтып еді, лақтар тағы алданбады. Қасқыр ұстаға барып, даусын жіңішке ету үшін өзіне тамақ жасатып алады – даусы ешкінікі сияқты жіңішке болып шығады, бірақ жаңа дауыстың да көмегі болмайды – лақтар қасқырдың аяғын көріп қойып, есікті ашпайды. Қасқыр жылдам наубайшыға барып, аяғына себетін ұн сатып алады. Қасқыр есік алдына қайтіп келіп, ақ аяғын лақтарға көрсетіп тұрып әнге басады:- Шырақтарым –лақтарым, аналарың келді, сүт әкелді. Қорықпаңдар, есікті ашыңдар! – дейді Лақтар қасқырға сеніп есікті ашады! Қасқыр үйге кіріп келгенде лақтар жан-жаққа қашып, тығылып қалады. Қасқыр олардың бәрін де тауып, жеп қойады. Тек біреуін ғана таба алмай қалады ол сағаттың артына тығылған еді. Қарны тойған қасқыр ағаш көлеңкесіне жата кетіп ұйқыға кіріседі. Ұзамай ешкі үйіне оралады. Есікті итерсе, есік ашық тұр екен. Ешкі үйге кіріп, лақтарын шақырады. Аман қалған лақ қарсы алдынан шығып, болған жайды айтып береді. Ешкі мен лағы үйдің артына шығып қараса, қасқыр көгалда шалқасынан түсіп қорылдап жатыр екен. Ешкі мүйізімен қасқырдың қарнын жарып жіберіп алты лағын құтқарып алады. Бәріде аман-есен екен. Ешкі мен лақтары қатты қуанады. Қасқыр оянбай тұрғанда ешкі оның қарынын таспен толтырып, қайтадан тігіп қояды. Шөлдеген қасқыр су ішпек болып құдыққа барады .Сол кезде оның ішіндегі ауыр тастар оны төменге тартып, қасқыр құдыққа құлап, батып кетті. Осымен ертегіміз аяқталды назар салып тыңдағандарыңызға көп рақмет! 


BÖLÜM: Nağıl,